Аймақтар • 17 Мамыр, 2018

Ақтауда ТЖ мен полиция қызметкерлері тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Ақтау қаласы аумағында 24 өрт оқиғасы тіркелсе, соның ішінде тұрғын секторда 6 өрт оқиғасы болған. 2017 жылдың төрт айында тұрғын үй секторларында 8 өрт оқиғасы тіркелген, 33% азайған.

Ақтауда ТЖ мен полиция қызметкерлері тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Осы жылдың 14 мамыр күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ақтау қаласы 3 шағын ауданының тұрғындарына, тұрғын секторлардағы өртті, өрт салдарынан қаза болатын адам шығынын болдырмау мақсатында, сонымен қатар адам денсаулығына және өміріне қауіптің алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, прафилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Басқарма қызметкерілерімен 100-ге жуық қала тұрғындарына нұсқама жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі туралы 127 жадынама таратылды.

- Өртті талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі шығу себептері келесідей: біріншіден, отты абайсызда қолдану, екіншіден, үй жағдайындағы тұрмыстық электр және газ қолдану құрылғыларын пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, үшіншіден, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы мен балалардың отпен ойнауы.

Тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген мұқият болуы қадағаланады деген үміттеміз, дейді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Р. Түбекбаева.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»